Елордада асық атудан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада асық атудан турнир өтті

25.09.2017

Өткен демалыс күндері ұлттық спорт салтанат құрды десек, қателеспейміз. Өйткені, ат жарысынан бөлек, асық атудан да турнир өтті. Осы спорт түрін қолға алып, дамытып жүрген азаматтар өзара сайысқа түсті. Барлығы 11 команда. Олар асық ату ойынының бірнеше түрі бойынша жарысты. Асығы алшысынан түсіп, мергендік танытқандар үздік атанды. «Мұндай турнирлер кейінгі буынды ұлттық өнерге баулып, смартфондардан сәл де болса алыстатуға септігі мол», - дейді ұйымдастырушылар. Жалпы, асық ату спорты соңғы кездері елімізде қарқынды дамып келеді.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу