Ол жақында ғана дзюдодан Әлем чемпионатынан оралды. Қазақстан бойынша дзюдодан аса ауыр салмақтағы №1 балуан болып есептеледі.
Ал, оның қарсыласы эстониялық Дмитрий Леп дзюдодан Эстония чемпионы, Әлем Кубогының күміс және қола жүлдесінің иегері. Қазақ күресіне бірінші рет қатысуда.
Ержан бірінші айналымда 1 минут 9 секунд ішінде ирандық балуанды таза түсіріп, жеңіске жеткен болатын. Осы бәсекеде ол эстониялық Дмитрий Лепті 2 минут 42 секундта таза тастап, келесі айналымға шықты.
Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.