Еламан Ерғалиев «Әлем барысы-2017» турнирінің 1/16 айналымында оңтүстіккореялық Бейонгва Лиді 8 секундта жығып, таза жеңіске жетті. Алғашқы белдесуінде камерундық Дюдон Долассемді ұтқан болатын.
Лақап аты – «Қаратамыр». 2011 жылғы «Жас барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы, 2016 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойынының күміс жүлдегері, 2017 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы.
Естеріңізге саламыз, «Әлем барысы-2017» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.