Астанада «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған биылғы додаға қырыққа жуық тұлпар қатысты. 51 шақырым қашықтыққа шапқан аттардың тек жетеуінің ғана мәреге жетуге шамасы жетті. Ал, бәйгеде бірінші болып келген Жамбыл облысының «Самал» атты тұлпары. Дәл осы тұлпар 2015 жылы өткен аламан бәйгеде де бірінші келген болатын.
Жарыстағы барлық жүлде қоры 23 млн. теңге болды. Ал, бірінші келген тұлпардың иесіне 10 млн. теңге берілді. Екінші орын Алматы облысына 5 млн. теңге, үшінші орын Ақмола облысының шабандозы 2 млн. теңге жүлдені иеленді.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ