Астанада көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты басталды

21.08.2017

Көкпардан тұңғыш Әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады. ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында басталған байрақты бәсекеге 11 команда қатысуда. Алғашқы айналымда Ауғанстан құрамасымен ат үстінде шеберлік байқасқан отандастарымыз 9:2 есебімен жеңісті тойлады. Бүгін бастау алған чемпионат 27-ші тамызға дейін жалғасады. Дүниежүзілік додада мұхиттың арғы жағынан келген Америка Құрама Штаттарының майталмандары да бақ сынап жатыр. Әлем чемпионатының жүлде қоры да қомақты. Бірінші орынға 10 миллион, екінші орынға 5 миллион, ал, үздік үштікті түйіндеген құрамаға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалған.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу