Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды

05.08.2016
Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды

Екіжақты және кеңейтілген құрамдағы кездесуде халықаралық және өңірлік күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер талқыланады деп жоспарланған. Әлбетте, екіжақты стратегиялық қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің жолдары да қарастырылады.

Бұл сапардың Анадолыдағы ағайын үшін мәні де, маңызы да зор. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге аспай қалған әскери төңкерістен кейін Түркияға келген алғашқы Президент. Саяси дағдарыстан кейін абдырап қалған бауырлас елге бұл үлкен демеу болмақ.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу