12-13 тамыз күндері Астанада алғаш рет жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12-13 тамыз күндері Астанада алғаш рет жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтеді

07.08.2017

Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өкілдері хабарлады. Жамбы ату немесе мергендік сайысы бірнеше турдан тұрады. Яғни, ат үстінде тұрып нысанаға оқ ату немесе атпен шауып келе жатып садақ ату. Бұл спорт түрі әсіресе Түркия, Малайзия, Венгрия, Польша, тіпті Жапония елдерінде де жақсы дамыған екен. Халықаралық турнирге қазірдің өзінде қатысушылар келіп тіркеле бастаған. Тек, Жапония елінен оннан астам мерген қатысуға ниет білдірген. Ұлттық спорт турнирі «ЭКСПО» көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Шараны өткізуге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік білдірген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу