Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 3 жыл қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 3 жыл қалды

24.07.2017

Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының басталуына тура 3 жыл қалды. Маңызды спорттық шара Токиода өтеді. Осыған орай арнайы ән шығарылып, көпшілік назарына ұсынылды. Жапонияның шоу-бизнес жұлдыздары мен олимипиадашылары 2020-жылы өтетін ойындардың логотипі бар дәстүрлі киім киіп, би биледі.

Айта кетсек, бұл ән - 1964 жылы өткен Олимпиада әнінің өзгертілген нұсқасы. Одан бөлек, Токиода Олимпиада және Паралимпиаданы ұйымдастыру комитеті спорттық шараға дайындықты талқылау үшін кездесу өткізді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу