Ертең Астанада бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық бәсекелері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық бәсекелері өтеді

14.07.2017

Биыл жетінші маусымның ақтық сынына жолдама алған «Астана арландарына» «Кубаның қабыландары» қарсы тұрмақ. Бостандық аралынан келген былғары қолғап шеберлері 2014 және 2016 жылдары дәл осы серияны екі мәрте ұтқан. Қазақстандық боксшылар да WSB кубогін екі рет төбесіне көтерді. Сондықтан, бұл жолы тұңғыш рет қос команда алдында бүкіләлемдік бокс сериясының үш дүркін жеңімпазы атану мүмкіндігі туып отыр.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу