Астанада ертең самбодан Әлем кубогының кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ертең самбодан Әлем кубогының кезеңі басталады

05.07.2017

Астанада ертең самбодан Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін Әлем кубогының кезеңі басталады. Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге 200-ден астам спортшы қатысады. Ерлер және әйелдер өзара тоғыз салмақта бас жүлдені сарапқа салмақ. Алғашқы жекпе-жектер ертең таңғы 10-да басталады. Самбо күресінен ішкі біріншілікте топ жарған үздіктер ел намысын қорғамақ. Әр салмақта қазақстандық 4 спортшы өнер көрсетеді. Олардың арасында халықаралық деңгейде жүлде салып жүргендер аз емес. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу