Алматыда алтыншы рет «Алматы марафоны» өтті. Дәстүрлі қайырымдылық шараға биыл әлемнің 38 елінен 13 мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында қала әкімі Бауыржан Байбек пен танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері мен кәсіпкерлер, кәсіби және әуесқой марафоншылар, қала тұрғындары бар. Жарысқа қатысушылар 10, 21 және 42 шақырымдық қашықтық бойынша сайысқа түсті. Олар таңғы 08:00-де «Тұңғыш Президент паркінен» бастау алып, Орталық стадионға дейін жүгіріп өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шарадан жиналған қаржы толығымен балалар үйіне және мұқтаж жандарға жұмсалады.
Амангелді СЕЙІТХАН