Нұрлан Еспанов – «Анашым» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Еспанов – «Анашым»

02.08.2016
Нұрлан Еспанов – «Анашым»

Әні: Н.Еспанов, сөзі: Б.Дәуренбеков

 

Ана асыл жаным.

Сыйладың бақыт таңын.

Мәңгілік жүрекке жылу берген

Аяулы алақаның.

Әнім бала кезден,  

Жүрегім қалай сезген?

Жеткізер сағыныш сәлемімді,

Самал жел дала кезген

 

Қайырмасы:

Арнадым әнімді ер жеткенде,

Жүректі сағыныш тербеткенде.

Баулыған қыранын биіктерге,

Өзіңсің өрлеткен де.

Анашым сыйлаған  бесік жырын,

Сол әнмен үйреткен өмір сырын.

Дарытқан өзінсің өн бойыма,

Жігіттің сегіз қырын.

Жігіттің сегіз қырын.

 

Ана, гүлімдейсің,

Нұр шашқан түнімдейсің.

Жанарың әрқашан мейір төгіп,

Сен маған күлімдейсің.

Ана, ақ сүтіңді,

Ақтармын үмітіңді.

Арнаған әнім де толтыра алмас,

Төрт бөлген түн ұйқыңды.

 

Қайырмасы:

Анашым, сағындым өткенімді,

Құшақтап маңдайдан өпкеніңді.

Сағындым өзіңе еркелеген

Балалық көктемімді.

Анашым сыйлаған бесік жырын,

Сол әнмен үйреткен өмір сырын.

Дарытқан өзінсің өн бойыма,

Жігіттің сегіз қырын.

Жігіттің сегіз қырын.

Хабарламаларға жазылу