«Эвертон» «Манчестер Сити» командасын 4:0 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эвертон» «Манчестер Сити» командасын 4:0 есебімен жеңді

16.01.2017
Футболдан Ағылшын чемпионатының 21-туры аясында «Эвертон» өз алаңында «Манчестер Сити»-ді қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. «Гудисон Парк» стадионында өткен ойында есепті 34-минутта Ромелу Лукаку ашты. Сөйтіп, І таймды алаң иелері жеңіспен аяқтады.

Ал, кездесудің екінші бөлігінде «Эвертен» қонақтар қақпасына жауапсыз тағы үш гол соқты. 47-минутта Кевин Миральяс есепті еселей түссе, 79-минутта Том Дэвис және соңғы минутта Адемола Лукман голдың авторлары атанды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу