Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» бүгін сырт алаңда Братиславаның «Слован» хоккей клубымен кездеседі. Осы маусымда 48 ойын өткізіп, 71 ұпай еншілеген жерлестеріміз шығыс конференциясының 6 - орнында болса, қарсылас команда 63 ұпаймен батыс конференциясының 10 - сатысына жайғасқан.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ