Жансая Әбдімәлік «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансая Әбдімәлік «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды

02.12.2016
Жансая Әбдімәлік «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде  жеңімпаз атанды

Польша елінің Вроцлав қаласында әйелдер арасындағы «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде Жансая Әбдімәлік бас жүлдені еншіледі деп, хабарлайды inform.kz.

Осымен алтыншы мәрте жалауын желбіреткен бәсеке 23 қарашада басталып, 1 желтоқсанда өз мәресіне жетті.     Осы аралықта Қазақстан намысын қорғаған шахматшы аруымыз Жансая Әбдімәлік мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін еншілеп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 5 қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, төртеуімен тең түсіп, турнирдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу