«Kazsport» телеарнасы «Тур Алматы-2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Тур Алматы-2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді

29.09.2016
«Kazsport» телеарнасы «Тур Алматы-2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді

2 қазан күні оңтүстік елордамызда төртінші рет дәстүрлі біркүндік «Тур Алматы-2016»  веложарысы өтеді.

«Тур Алматы-2016» жарысына Франция, Ресей, Нидерланд, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстан сияқты елдерден 14 команда қатысады.

Шараның басты жұлдыздары «Астана»велокомандасы мен Қазақстан Ұлттық құрамасының өкілдері Алексей Луценко мен «Алматы турының» екі дүркін чемпионы, әлемдегі ең мықты велошабандоздардың бірі итальяндық Винченцо Нибали, «Тур де Франс», «Вуэльта», «Джиро д'Италия» көпкүндік сайыстарының екі дүркін жеңімпазы, жақында өткен Рио Олимпиадасының қатысушысы Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев пен Артем Захаров және Валерио Аньоли, Мақсат Аязбаев пен Арман Камышев болады.

Бір айналымның қашықтығы 31 шақырымды құрайды, спортшылар 186 шақырымға созылатын алты айналымды жүріп өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, біркүндік «Тур Алматы-2016»  веложарысын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 08:30-да.

Хабарламаларға жазылу