Алматыда қазақ күресінен төртінші халықаралық чемпионат - «Еуразия барысы» өтеді.
Универсиады-2017 дирекциясы баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, жарыс 2 қазан күні Универсиада жарыстарына арнайы соғылған 12 мыңдық жаңа мұз айдыны «Алматы Аренада» өтеді.
Турнир Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Жарысқа әлемнің 8 елінен 130-дан аса палуан қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, «Еуразия барысын» тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасы көрсетеді.