Рио ойындарына Павлодар облысынан 4 спортшы барады. Бүгін аймақ басшысы Болат Бақауов спорт саңлақтарына сәт-сапар тіледі.
Еркін күрестен ауыр салмақтағы Дәулет Шабанбай мен 97 келіге дейін салмақта күресетін Мамед Ибрагимов, жеңіл атлетшілер Роман Валиев пен Ольга Сафроноваларға бүкіл Қазақ елі үміт артып отыр.
Болат АМАНБАЕВ