«Қазақстан Барысы-2016» турнирінен шеттетілген 4 палуанның үшеуі жарысқа қатысатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы-2016» турнирінен шеттетілген 4 палуанның үшеуі жарысқа қатысатын болды

30.06.2016
«Қазақстан Барысы-2016» турнирінен шеттетілген 4 палуанның үшеуі жарысқа қатысатын болды

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің биылғы жылғы төрт қатысушысының анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты, қазақ күресінен ұйымдастырылатын барлық жарыстардан уақытша шеттетілгеннен кейін бір ай уақыт ішінде Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) соңғы шешімі белгілі болды, деп хабарлады «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорынын баспасөз қызметі.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің ұсынысы негізінде Допингке қарсы ұлттық орталығы Тәртіптік комиссиясының 2016 жылғы 28-ші маусымы күнгі шешіміне сәйкес, жарыстарға келесі спортшылар жіберіледі: Мереке Тұрашев (Ақмола облысы), Самир Мамедов (Павлодар облысы) және Айбек Нұғымаров (Шығыс Қазақстан облысы). Анализдеріндегі мельдонийдің концентрациясы 1 мкг/мл-ден аз құрайды.

Сонымен қатар, допингтік сынама анализінде тыйым салынған мельдоний субстанциясының жоғары концентрациясы табылған палуан Александр Касачевтың (Алматы облысы) дисквалификациялық мерзіміне қатысты өз шешімін Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі арнайы шығаратын болады.

Нәтижесінде, биылғы жылғы «Қазақстан Барысы» турниріне Мереке Тұрашев, Самир Мамедов және Айбек Нұғымаровты қоса алғанда, 33 палуан қатысатын болады.

Айта кетейік, 3-ші шілде күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін сағат 13:00-де  тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу