«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

29.06.2016
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы» турнирі 3-ші шілде күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Биылғы жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан бөлек, 14 облыстан 30 палуан қатысады. Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған «Әскер барысы» және былтырғы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің жеңіпаздары жарысқа іріктеусіз қатыспақ.

Ауылдық, аудандық және облысытық іріктеулерден сүрінбей өтіп, «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің ақтық бәсекесіне қатысатын палуандар тізімі:

Ақмола облысы: Леонид Станеев, Мереке Тұрашев.

Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин.

Алматы облысы: Ұлан Рысқұл, Александр Касачев.

Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев.

Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан.

Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов.

Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков.

Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов.

Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан.

Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік.

Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов.

Павлодар облысы: Еркебұлан Егінбаев, Самир Мәмедов.

Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов.

Шығыс Қазақстан облысы: Асхат Құсайынов, Айбек Нұғымаров.

Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай.

Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов.

«Әскер Барысы»: Талғат Әмренов.

«Қазақстан Барысы – 2015»: Бейбіт Ыстыбаев.

Айта кетейік, 3-ші шілде күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан Барысы-2016» турнирін сағат 13:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу