Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстанның 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысудың екі квотасын қайтарып алды. Мұндай шешім Тбилисиде өткен IWF атқару кеңесінде қабылданды, делінген IWF сайтында.
Олимпиадаға іріктеу кезіндегі допинг сынамалардың бірнеше оң нәтижелеріне байланысты ерлер және әйелдер командасының әрқайсысынан бір квотадан алынып тасталды.
Сондай-ақ IWF Әзербайжан, Ресей, КХДР, Молдова командаларын екі Олимпиада жолдамасынан айырды. Белорусь, Румыния мен Өзбекстаннан бір жолдамадан кері қайтарылды.