Ә.Әбдуалиев қысқы Универсиада дирекциясының басшылығынан кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Әбдуалиев қысқы Универсиада дирекциясының басшылығынан кетті

14.06.2016
Ә.Әбдуалиев қысқы Универсиада дирекциясының басшылығынан кетті

2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының директоры Әсет Әбдуалиев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Достар, бүгінгі күннен бастап мен Алматы қаласы 2017 жылғы 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі дирекциясының басшысы қызметінде істемейтіндігімді айта кеткім келеді», деп жазды Әсет Әбдуалиев.

Ол қызметі Алматы әкімдігінде болатынын мәлімдеді.

«Сіздерге көп рахмет! Мен Алматы қалалық әкімдігінің жүйесінде қаламын. Бүгін жаңа лауазымға тағайындайды», деп жазды ол.

Хабарламаларға жазылу