2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары әзірге 26 жолдама жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары әзірге 26 жолдама жеңіп алды

28.10.2015
2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары әзірге 26 жолдама жеңіп алды
Жаңа Олимпиада маусымында спортшылардың көздегені – жазғы ойындарға қатысуға мүмкіндік беретін лицензияны жеңіп алу.

Біраз іріктеу жарыстары артта қалып алғашқы жолдамалардың иегерлері анықталды.
Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 26 жолдама. 10 лицензияны жеңіл атлеттеріміз жеңіп алса, боксшылармен нысана көздеу шеберлерінің еншісінде төртеу.

Суда жүзу, ескек есу және грек-рим күресінің өкілдері 2 жолдаманы иелік етсе, бессайыспен еркін күресте сәйкесінше бір бірден.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу