30 қыркүйек күні УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде елордалық «Астана» өз алаңында Түркияның «Галатасарай» футбол клубын қабылдайды. Дәл осы уақытқа дейін аталған кездесуге билеттердің 80 пайызы сатылып кеткен.
УЕФА-ның регламентіне сәйкес, қонаққа келетін команда матч өтетін стадионның жалпы сыйымдылығына сәйкес, билеттердің 5 пайызын сатып ала алады. Ал «Астана-Арена» стадионының сыйымдылығы бойынша, 5 пайыз дегеніміз - 1500 билет.
Бірақ, осы аптада «Галатасарай» командасы бізге ресми хат жолдап, шамамен 200-300 адам келеді, деп мәлімдеген. Енді қонақтарға бөлінген билеттер өз жанкүйерлерімізге сатылатын болады.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ