Бүгін Астанада «Самұрық-Энергоның» қызметкерлері арасында ұйымдастырылған 3-ші спартакиада мәресіне жетті.
Дәстүрлі түрде өтетін жарыстың мақсаты - бұқаралық спортты дамыту.
Екікүндік сайыста қатысушылар үстел теннисі, шахмат, армрестлинг пен кіші футбол және волейболдан сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтаса, жарыстың соңғы күні кіші футбол мен волейболшылар арасында финалдық ойындар өтті.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ