Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы кезекті кездесуін Чехия құрамасымен өткізіп, қарсыластарына 2-1 есебімен жол берді.
Чехияның Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында өткен ойында есепті бірінші болып 21 минутта жерлестеріміз ашты. Бауыржан Исламханнан пас алған Юрий Логвиненко алғашқы голдың авторы атанды.
Ал екінші таймда алаңға шыққан чех футболшысы Милан Шкода 73 минутта есепті теңестірсе, 86 минутта екінші голды соғып таблодағы көрсеткішті 2-1 жеткізді.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ