Футбол: «Қайрат» - «Алашкерт» - 3:0 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: «Қайрат» - «Алашкерт» - 3:0

17.07.2015
Футбол: «Қайрат» - «Алашкерт» - 3:0

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» футбол клубы Арменияның «Алашкерт» футболшыларын қабылдады.

90 минут бойы басымдық танытқан алаң қожайындары 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің басты кейіпкерлері - Бауыржан Исламхан, Жерар Гоу және Джордже Деспотович.

Ойын барысында алматылықтар «Алашкерттің» қақпасын 20 рет нысанаға алса, қарсыластар 8 соққымен жауап берді.

Допқа иелік ету көрсеткіші де «Қайраттың» пайдасында. Қарымта матч шілде айының 23-і Ереванда өтпек.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу