Оңтүстік Кореяда Жазғы Универсиада ойындары жалғасуда.
Әзірге ел қоржынында бір алтын және бір қола медаль бар. Суға жүзу шебері Дмитрий Баландин бірінші, дзюдошы Жанар Қашқын үшінші орынды иеленді.
Ал, стенд атуда үміт артқан әйелдер құрамасы тек төртінші орынға табан тіреді. Семсерлесу шеберлері де әзірге нәтижесіз сайысуда.
Индира БЕКТЕНОВА