Алматы мен Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада жобасымен таныстырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мен Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада жобасымен таныстырады

09.06.2015
Алматы мен Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада жобасымен таныстырады

Қысқы Олимпиада 2022 жылы Алматыда өте ме, әлде Бейжіңде ме?

Бұл сауалдың жауабын әлем жұртшылығы 31 шілдеде Малайзия астанасы Куала-Лумпурде ашылатын Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында білетін болады.

Ұйым мүшелерін Алматының мүмкіндіктерімен таныстыру үшін Лозаннаға Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегация барды.

Бүгін өтетін презентацияға Қытай делегациясы да қатысып, Қысқы Ойындарды өткізу жобаларын көрсетпек.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу