Бүгін Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінде Дзюдо федерациясының бастамасымен төрешілерге арналған семинар өтті.
Шеберлік сыныбын Бейжің, Лондон Жазғы Ойындарында дзюдо жарысында қазылық еткен жалғыз қазақ, халықаралық дәрежедегі төреші Мұхсин Нұртазин жүргізді.
Теориялық және практикалық түрде өткен семинардың басты мақсаты - тамыз айында Астанада өтетін Әлем чемпионаты алдында төрешілер мен бапкерлердің біліктілігін арттыру.