Микель Ланда «Джиро д'Италия» жарысының 15-ші кезең жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микель Ланда «Джиро д'Италия» жарысының 15-ші кезең жеңімпазы атанды

26.05.2015
Микель Ланда «Джиро д'Италия»  жарысының 15-ші кезең жеңімпазы атанды

Әлемге әйгілі  веложарыстардың бірі «Джиро д'Италия» бәсекесінің 15-ші кезеңінде «Астана» командасының шабандозы испаниялық Микель Ланда мәре сызығын бірінші болып кесті.

165 шақырымға созылған сайыста екінші орынды ресейлік «Катюша» ұжымының өкілі Юрий Трофимов иеленді.

Ал, үздік үштікті «Tinkoff-Saxo» командасының Альберто Контадор түйіндеді.

Бүгін жарыстың 16-шы  кезеңі өтуде.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу