Әлемге әйгілі веложарыстардың бірі «Джиро д'Италия» бәсекесінің 15-ші кезеңінде «Астана» командасының шабандозы испаниялық Микель Ланда мәре сызығын бірінші болып кесті.
165 шақырымға созылған сайыста екінші орынды ресейлік «Катюша» ұжымының өкілі Юрий Трофимов иеленді.
Ал, үздік үштікті «Tinkoff-Saxo» командасының Альберто Контадор түйіндеді.
Бүгін жарыстың 16-шы кезеңі өтуде.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ