Илья Ильин: Әрбір жеткен жетістігімде ұстаздарымның еңбегі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин: Әрбір жеткен жетістігімде ұстаздарымның еңбегі бар

26.05.2015
Илья Ильин: Әрбір жеткен жетістігімде ұстаздарымның еңбегі бар

Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин Қызылорда қаласындағы өзі оқыған №198 мектепке келді.

Ол осыдан он жыл бұрын қанат қаққан ыстық ұясына деген сағынышын жеткізді.

«Әрбір жеткен жетістігімде ұстаздарымның еңбегі бар. Бүгінгі түлектерге де тілерім, өмірде жолдары болсын. Ең бастысы, адамға сенім керек. Сеніңдер, сендердің де қолдарыңнан бәрі келеді. Тек алға қойған мақсат-міндеттеріңді арманмен ұштастыра білу керек», деді спортшы оқушылармен кездесуінде.

Ильядай батыр ұл түлеп ұшқан алтын ұя осындай шәкірттерімен мақтанады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу