Қазақша күрестен алғаш рет полиция қызметкерлері арасында республикалық жарыс ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақша күрестен алғаш рет полиция қызметкерлері арасында республикалық жарыс ұйымдастырылды

22.05.2015
Қазақша күрестен алғаш рет полиция қызметкерлері арасында республикалық жарыс ұйымдастырылды

Оған еліміздің 14 облысынан Ішкі істер басқармаларының командалары келді. Палуандардың көбі полицияның жедел әрекет бөлімінде қызмет істейтін, спорттық дайындықтары мықты азаматтар.

Жеңістің 70 жылдығына орай өткізіліп отырған бүгінгі белдесулер кезінде Республикалық құрамаға палуандар іріктеледі. Басты жаңалық - бұдан былай ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнайы жаттығу кестесіне қазақша күрес те  кіретін болды.

 

Болат АМАНБАЕВ  

Хабарламаларға жазылу