Чемпиондар Лигасы. «Реал» - «Ювентус» - 1:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар Лигасы. «Реал» - «Ювентус» - 1:1

14.05.2015
Чемпиондар Лигасы. «Реал» - «Ювентус» - 1:1

Туриндік «Ювентус» футболдан чемпиондар лигасының финалына шықты. 

Ол екі ойынның қорытындысы бойынша мадридтік «Реалды» 3:2 есебімен жеңді. Мадридте өткен қарымта кездесуде бірінші болып есепті алаң иелері ашты. 

23 минутта Криштиану Роналду пенальтиді сәтті орындады. Ал, 57 минутта Альваро Мората есепті теңестірді.

Осылайша, ойын 1:1 есебімен аяқталып, кос кездесудің нәтижесі бойынша «Ювентус» финалға жолдама алды.

Финалда «Барселонамен» кездеседі. Ойын 6 маусымда Берлинде өтеді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ 

Хабарламаларға жазылу