Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Исландиямен өтетін ойынға дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Исландиямен өтетін ойынға дайындалуда

26.03.2015
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Исландиямен өтетін ойынға дайындалуда

Астанаға қосымша тізімнен «Ордабасы» қақпашысы Андрей Сидельников шақырылды. Ол Ненад Эрич, Стас Покатилов, Владимир Логиновский және Владимир Плотниковпен қатар Виталий Кафановтың жетекшілігімен дайындалады.

Ал, швейцариялық «Грассхоппердің» жартылай қоғаушысы Александр Меркель жарақатына байланысты Ұлттық құрама қатарына қосыла алмайды.

Сол себепті бапкерлер құрамы «Тараздың» жартылай қорғаушысы Жақып Қожамбердіні құрама сапына шақыруға шешім қабылдады.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу