«Астана» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Кубогы үшін жекпе-жек сайысынан Халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Аталмыш жарысқа Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Тәжікстан және еліміздің барлық аймағынан 17 команда қатысты. Шараның салтанатты ашылу рәсімінен кейін, барлық салмақта іріктеу кездесулері өтіп, мықтылар финалда кездесті. Екі күнге созылған жарыстың қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті үздік атанды. Екінші орынға Мемлекеттік күзет қызметі ие болса, тұғырдың үшінші сатысына Ұлттық ұлан спортшылары орналасты.