Қызылорда облысында жастар арасында қазақ күресінен ел чемпионаты жалауын желбіретті. Шиелі ауданында 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан бәсекеге, 500-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдірген. Жарыс ережесіне сәйкес, ең бірінші күні қыздар боз кілемге шықты.
Айта кетуіміз керек, жергілікті қыздардың дайындығы жоғары деңгейде. Үш бірдей спортшы айқын басымдықпен қарсыластарын ұтып, финалға жолдама алды. Сонымен қатар, қазақ күресінің тағы бір қарқынды дамыған аймағы Жамбыл облысының палуандары да ерекше өнерімен көзге түсті.
Әзинат Хажу, Қамар Төлепберген, Әйкерім Мұратәлі сынды шеберлігі шыңдалған палуан қыздар көш басын ешкімге бермеді.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ