Денис Тен төрт құрлық чемпионатында көш бастап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен төрт құрлық чемпионатында көш бастап келеді

12.02.2015
Денис Тен төрт құрлық чемпионатында көш бастап келеді

Кореяда  мәнерлеп сырғанау спортынан  төрт құрлықтың чемпионаты басталды.

Қатысушылар қатарында  төрт қазақстандық спортшы бар.

Атап айтқанда,  жекелей сында Денис Тен, Абзал Рақымғалиев, ал, жұптық сайыста Карина Узурова мен Ілияс Әли бақ сынауда. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Денис Тен топ бастап келеді.

14-ақпанда қатысушылар еркін бағдарламада шеберлік байқасады.

Жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу