Қарағандыда мүгедек балалар арасында конькимен сырғанаудан жарыс өтті.
«Special Olympics» бірлестігі ұйымдастырған шараға облыстың барлық қала, аудандарынан 50 атлет қатысты.
Олар 50-ден 300 метрге дейінгі қашықтықта жылдамдық сынау сайысынан сүрінбей өтті.
Көзге түскендер мемлекеттік қолдау аясында ел ішіндегі біріншіліктерге, халықаралық жарыстарға, паралимпиадалық ойындарға жіберіледі.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ