Адамдарды таңдай қақтыру - Сергей Цырульников үшін үйреншікті жағдай. Жылытқышты жару - 29 жастағы жігіт жасайтын 60-қа жуық бағдарламаның бірі.
Ол изометрия және күш қолданылатын спорт түрлерін үш жылдан бері серік етіп келеді.
Осы уақыт аралығында бір тонна шеге қолданған. Бүгінде төрт дүркін Әлем рекордын жаңартқан жігіт Қажымұқан Мұңайтпасов, Балуан Шолақ аталарымыз жасаған бағдарламаларды орындауда.
Батырдың ендігі мақсаты - бесінші рет Әлем рекордын жаңарту.
Индира БЕКТЕНОВА