Алматыда теннистен Августин Вельц мемориалы өтіп жатыр. Жарыстың ширек финалдық бәсекелері аяқталып, жартылай финалға шыққан спортшылардың есімдері белгілі болды. 12 жасқа дейінгі балалар арасынан әзірге Никита Сидоров, Тимур Щербаков, Жәнгір Алмашев, Даниял Даркен айрықша өнермен көзге түсуде. Сондай-ақ, алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша Камила Мағауия, Адель Исмағұлова, Жанель Рүстемова іріктеу сындарынан сүрінбей өтті.