Джеррардтың спорттық өмірі бастан-аяқ «Ливерпульмен» байланысты. Ол небәрі 8 жасында клубтың жасөспірімдер құрамына келген.
Оның айтуынша, командамен қош айтысу өміріндегі ең ауыр шешім болған көрінеді. Енді Джеррард спорттық жолын Америкаға барып жалғастырмақ.
Ол «Ливерпульге» қарсы ойнамау үшін Ағылшын Премьер-лигасының өзге клубтарының шақыртуларын қабылдамаған.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ