ММА. Бейбіт Назаров жапониялық спортшыны жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ММА. Бейбіт Назаров жапониялық спортшыны жеңді

24.12.2014
ММА. Бейбіт Назаров жапониялық спортшыны жеңді

Тартысты өткен жекпе-жекте жерлесіміз өте белсенді болды. Екі раунд бойы ширақ қимылдаған ол қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Сонымен қатар, аталған турнирде Бауыржан Қуанышбаев пен Асқар Үмбетов те өз кездесулерін өткізді.

Алайда екеуі де жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады. Айта кетейік, Бейбіт Назаров ережесіз жекпе-жектен Әлем, Азия және Еуразия чемпионы. Сондай-ақ, джиу-джитсудан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу