«Қайрат» УЕФА Кубогын ірі жеңіспен бастады. Алматылықтар «Никарс» командасын 11:2 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, «Қайрат» ойыншылары қарсыластарынан он күн бұрын Ерёменко Кубогында кеткен есені қайтарды. Тіпті «Қайрат» қақпашысы Маркао да қонақтар қақпасына гол соғып үлгерді.
Қорғаушы Игорь хет-трик авторы атанды. Алматылықтардың екінші турдағы қарсыласы париждік «Спортинг». Француздар бірінші турда Сербияның «ЭконОмац» командасын 4:1 есебімен ұтқан болатын.