Құрылықтық хоккей лигасында «Барыс» шығыс конференцияда 4-ші орынға қайта көтерілді. Кеше Андрей Назаров шәкірттері «Авангард» ойыншыларымен күш сынасты.
Ойынның негізгі және қосалқы уақытында «Авангардпен» тең түсіп, қарсыласына буллиттер сериясында жол берген отандық клуб 1 ұпай олжалады. Бұл жолы «Авангард» бомбардирі Чед Коларик сұрмергендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Енді «Барыс» Екатеринбургтың «Автомобилистімен» кездеседі. Аталған матчты ертең «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен Астана уақытымен 17:50-де тамашалай аласыздар.