Ертең Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия Барысы» жалауын жебіретеді. Жарысқа 12 мемлекеттің сайдың тасындай іріктелген палуандары қатыспақ. Өткен жылы «Еуразия Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев бұл жолы өнер көрсетпейді.
Өйткені, Ыстыбаев іріктеу сайысына қатыспаған. Ал, шетелден келген спортшылардың деңгейі өте жоғары, дейді мамандар. Мәселен, Моңғолия құрама командасы сапында салмағы 200 келіні тартатын Сұғаржарғал Болдпурев бар.
«Еуразия Барысын» көрермен қауым «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Көрсетілім күндіз 12.00-де басталады.