63 келі салмақта ел намысын қорғаған Карина Горичева жұлқа көтеруден күміс жүлдеге ие болды.
21 жастағы спортшы берілген үш мүмкіндікті сәтті пайдаланып, 113 келіні бағындырды.
Бұл жаттығуда алтын жүлдені Ромела Бегай қанжығасына байлады. Ал, қоссайыстың нәтижесі бойынша жерлесіміз 6-орыннан көрінді.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ