Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті

03.11.2014
Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті

Оралда самбодан Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, самбо күресінен Әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жарыста еліміздің 9 облысы мен Ресей, Армения және Өзбекстаннан келген жасөспірім палуандар бақ сынады.

Жеңгендер бағалы сыйлықтармен қатар, «спорт шебері» атағына ие болды. Біріншіліктің басты мақсаты – жас палуандардың тәжірибесін арттырып, шеберлігін шыңдау.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу