Оралда самбодан Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, самбо күресінен Әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жарыста еліміздің 9 облысы мен Ресей, Армения және Өзбекстаннан келген жасөспірім палуандар бақ сынады.
Жеңгендер бағалы сыйлықтармен қатар, «спорт шебері» атағына ие болды. Біріншіліктің басты мақсаты – жас палуандардың тәжірибесін арттырып, шеберлігін шыңдау.
Рауан ДИӘЛИ